Ел жаңалықтары

Дала академигі - Жазылбек Қуанышбаев

  • Дала академигі - Жазылбек Қуанышбаев

    Дала академигі - Жазылбек Қуанышбаев

Биылғы жылы туғанына 125 жыл болған атақты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа өнеге. Жазылбек Қуанышбаевты халық еркелетіп «Шопандардың атасы», «Дала академигі», «Малшылардың маршалы» деп атап кеткен.

Жазылбек Қуанышбаев 1896 жылы дүниеге келген. Әкесі Қуанышбай мен анасы Айткүлден жастай жетім қалған ол еңбекке ерте араласады.

Мойынқұмда ұйымдасқан Кеңес ауыл шаруашылық артелінің алғашқы мүшесі болған.  

Қой қоздатудағы үздік жетістіктері үшін шопанға 1948, 1958 жылдары Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1957 жылы отардағы әр жүз саулықтан 144-тен қозы алынып, әр қойдан екі келіден жүн қырқылды. 1958 жылы әр жүз саулықтан 145-тен қозы алды, әр қойдан 3,3 келі жүн қырықты, қаракөл елтірісінің бірінші сорттылығын 86,5 пайызға көтерді. Бірлік селосында екі рет Еңбек Ері атағын алуына байланысты Жазылбек Қуанышбаевтың бюсті қойылған. Ерен  еңбегі жоғары бағаланып, бұрынғы Одақ көлеміне мәлім болды. Сол уақытта әр жүз саулықтан 140-тан 155-ке дейін төл өргізді, әр қойдан 4 келіден жүн өткізді. Отыз  жыл ішінде бір ғана өз отарынан 17,5 мың төл алынып, мемлекетке 9 046 елтірі мен 546 центнер жүн өткізген.

1968 жылға дейін тынымсыз қызмет етіп, өзінің мол тәжірибесін жастарға үйретті. Қоғамдық  істерге де белсене араласты. Екі дүркін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. СОКП-ның ХХІІ съезіне және Қазақстан Компартиясының ХІ съезіне делегат болып қатысты. Колхозшылардың Бүкілодақтық ІІІ съезіне де барды.

Жазылбек Қуанышбаев атында шаруа қожалық, елді мекендерде көшелер бар. Мойынқұм ауданында Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражай жұмыс істейді. Алматы қаласындағы бір көше шопан есімімен аталады.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде екі  мәрте Социалистік Еңбек Ерінің 125 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ҚР мемлекеттік хатшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Білім және ғылым  министрі, Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдері, Алматы қаласының әкімі, ҚР Парламент Сенатының депутаттары және еліміздің белгілі тұлғалары қатысты.

 

 

Мұхтар Қасенұлы БАЙБАТШАНОВ,

Орман ресурстары және аңшылықтану

кафедрасының қауымдастырылған профессоры 




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 14:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30