Ел жаңалықтары

"Далада қалдық": Шымкентте лицензиясынан айырылған университеттің студенттері бас көтерді

  • "Далада қалдық": Шымкентте лицензиясынан айырылған университеттің студенттері бас көтерді

Шымкентте бүтіндей бір университеттің студенттері далада қалдық деп бас көтерді. Жиналған көпшілік "сот оқу ордасының лицензиясын кері қайтаруға шешім шығарғанын" айтады. Тосын жаңалық "төбемізге жай түскендей" әсер етті, дейді жастар. Ал басқа университетке ауысуға ниет білдіргендерді өзге оқу орындары қабылдамайтынын айтыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкенттегі халықтар достығы университеті студенттерінің көкейін бір ғана сұрақ: "Енді не істейміз?". Өйткені, 1 семестр аяқталмай жатып, сот оқу ордасын басты құжатынан айырыпты. Сосын студенттер басқа университетке ауысуға әрекеттеніп көрген, бірақ оларға семестр аяқталмай ауыса алммайтындарын айтқан. 

"Біз далада қалдық қой. 1-ші семестр бітпей, бізді ешкім қабылдамайды, яғни қабылдау күні бітіп қалған. "1 семестр бітсін, арасындағы айырмашылықты төлейсіңдер, 2 семестрден бастап оқисыңдар" деді. Айырмашылығы жер мен көктей болып тұр", - деді 1 курс студенті Мадина Шырынбек.

 
Жеңілдетілген оқу ақысынан өзге енді студенттердің кейбірін жатын орын да мазалап отыр. Себебі, оқу жылының ортасында бос жатақхана табу қиын. Мамандығы сәйкес келетін бір ғана университетте оқу ақысына жеңілдік жоқ екен. 

"Бұл университет өзімізге қолайлы, баға жағынан да, жатақхана жағынан да. Өз басым 20 пайыз жеңілдікпен оқимын", - деді 1 курс студенті Айша Шакирова. 

Университет басшылығы алғашқы сот сатысы университетті лицензиясынан айыруға шешім шығарғанын растады. ұсынысты білім және ғылым министрлігі тарапынан келген комиссия беріпті. Оқу процессінде барлығы дұрыс деген басшылық, "техникалық мамандықтар бойынша оқулық кем" деген комиссия қорытындысы болғанын мойындады. Алайда, ол кемшілік лицензиядан айыруға негіз емес деп отыр. 

"Оқу процессі бойынша бізде ешқандай кемшіліктер жоқ. Студенттердің жұмысқа орналасуы бойынша 50 пайыздан асады. Біз бұл шешіммен келіспейміз", - деді "Халықтар достастығы" университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Айгүл Көпешова.

Ертеңгі күніне алаңдаған студенттер ауысуды қаламайтынын айтады. Сот шешімі күшіне енбегендіктен, оқу ордасы онлайн режимде дәрісті жалғастырып отыр. Себебі, басқа ЖОО-на ауысқан күнде де оларға семестрді толық аяқтап келу міндеттеледі. 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30