Ел жаңалықтары

Дәрігер денсаулықты сақтап әрі ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады

  • Дәрігер денсаулықты сақтап әрі ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады

    Дәрігер денсаулықты сақтап әрі ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық терапия және профилактикалық медицина ғылыми орталығының директоры Оксана Драпкина денсаулықты сақтап, сонымен қатар ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Оксана Драпкинаның айтуынша, бұл қатарға жататын берік шарттарға мыналар жатады: шылым шегуден аулақ болу, тамақты көп тұздамау, алкогольді ішімдіктен бойды алыс салу, көп жаяу жүріп және жеміс пен жидектерді барынша көп жеу.

"Салауатты өмір салтын ұстану индексі шығарылды. Осы көрсеткішті ұстанатын адамдар арасында өлім деңгейі 36% төмен. Көптеген факторлардың ішінде бесеуі ерекшеленеді. Біріншісі – темекі тартпау, екіншісі – жаяу жүру, үшіншісі – тағамды көп тұздамау, төртіншісі – жеміс пен жидектерді көбірек жеу. Және бесіншісі – әрине алкогольден аулақ болу", – деді Драпкина үшінші Еуразиялық әйелдер форумында.

Ол сонымен қатар ресейлік әйелдер көп кондитерлік өнімдер мен балық, көкөністер мен жемістерді жейтінін атап өткен. Дәрігер әйелдер өлімінің жалпы себептерін де атап өтті.

"Егер біз әйелдердің денсаулығы туралы айтатын болсақ, онда бұл өлім себептері деген сөз. Яғни әйелдер көбінесе жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұмады. Ал жалпы онкологиялық пулдағы аурулар статистикалық есептер бойынша екіншісі немесе үшініш орынды алады", – деп түйіндеді Драпкина.




Көрілген: 643    Пікірлер: 0

сенбі, 16.10.2021, 21:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30