Дәрігер жөтелді емдеу кезіндегі қателіктерді атады

19 ақпан 2022, 17:18

Ресейлік жоғары санаттағы дәрігер-терапевт Александра Кожевникова жөтелді емдеу кезінде жіберілетін екі қателік жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап. 

Маманның сөзінше, жөтел басталғанда көпшілігі мұны тұмаумен байланыстырып, дәрігердің кеңесінсіз қақырық түсіруге арналған дәрілерді қабылдайды екен. Алайда жөтелдің пайда болуына тыныс алу жолдарындағы инфекциялар ғана әсер етпейді екен. Кожевникова мұның себебі өзге де ауруларда болуы мүмкін дейді.

"Сондықтан қақырық түсіретін дәрілер көмектеспей жатады, кейде кері әсерін береді. Жөтелді емдемес бұрын мұның себебін біліп алған жөн", - деді ол.

Жөтел COVID-19 немесе ЖРВИ салдарынан болғанда науқастар бірден антибактериалық препараттарды қабылдайды екен. Маманның айтуынша, арнайы медициналық білімсіз қажетті антибиотик пен оның дозасын анықтау мүмкін емес.

Александра Кожевникова әр антибактериалды препараттың қарсы көрсетілімдері, дұрыс дозасы мен емдеу мерзімі болатынын айтады.

"Ол сізге көмектеспейді немесе кері әсер етіп, иммунитетті әлсіретеді. Дұрыс таңдау жасамаған жағдайда препарат тиімсіз немесе зиянды болады", - деп түсіндірді ол.