Ел жаңалықтары

Дәрігерден ақша бопсалағаны үшін сотталған полицейдің әйелі Тоқаевқа үндеу жолдады

  • Дәрігерден ақша бопсалағаны үшін сотталған полицейдің әйелі Тоқаевқа үндеу жолдады

    Дәрігерден ақша бопсалағаны үшін сотталған полицейдің әйелі Тоқаевқа үндеу жолдады

Қазақстандық нейрохирург Серік Ақшолақовтан пара бопсалағаны үшін 7 жыл колонияға жабылған нұр-сұлтандық полицейдің жұбайы Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Бейнежазба әлеуметтік желіде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі/ Видеодан кадр

Фото: Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі/ Видеодан кадр

Ол өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел халқына жолдады.

Экс-полицейдің әйелі оның күйеуі Азамат Балтабаевтың өтінішін объективті және әділ қарауға көмектесуді сұрады. Ол жарының кінәлі емес екенін сенімді.

"Оны заңсыз түрде ҚР ҚК 366- бабы 3-бөліміне сәйкес (Пара алу) 7 жылға соттады",- дейді келіншек.

Әйелінің айтуынша, Азамат кәмелетке толмаған екі баланың әкесі. Ол 2012 жылы патрульдік полиция инспекторы қызметіне орналасқан.

"Оның арманы мінсіз, сөзсіз өз отаны, өз халқы мен президентіне адал қызмет ету болды. Жеті жыл бойы өз ісіне адал болды. Жанұясын, балаларын көрместен жүмысына толық берілді. Ол өз отанының нағыз патриоты",- деді ол.

Келіншек жұбайының жасаған ерліктеріне назар аударуды сұрады. Артынша бұрынғы полицейдің ерлігі жайлы айтылған телесюжеттер көрсетілді.

Атап айтқанда, Балтабаев Азамат бірнеше адамды - елордалық көпқабатты үйдегі өрттен келіншекті, суицид жасамақ болған жас жігітті және 9-қабаттың терезе жақтауында жүрген бүлдіршінді аман алып қалған.

Қаһарман-полицей II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. Бірақ, ол осы жылы дәрігерден пара боспалады деген күдікке ілініп, 7 жылға сотталды.

 

 




Көрілген: 1054    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2019, 01:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29