Ел жаңалықтары

"Дәрігердің берген дәрісінен күмәнданып тұрмын": Нұр-Сұлтанда журналистің жұмбақ өлімі тексеріліп жатыр

  • "Дәрігердің берген дәрісінен күмәнданып тұрмын": Нұр-Сұлтанда журналистің жұмбақ өлімі тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтанда журналист Қуандық Шамахайұлының өлім себептері бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, науқаста екі жақты полисегментальді пневмония болған.

 

«1960 жылы туған науқас жедел жәрдем қызметі арқылы КОВИД-19 күдігімен ауыр хәлде түсті. №1 көп салалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оған ауыр дәрежедегі этиологияның екі жақты полисегментальді пневмония диагнозы қойылды», деп денсаулық бөліміне түсініктеме берді.

Науқас клиникалық хаттамаға сәйкес емделді, оның жағдайы бірнеше рет нашарлады, делінген хабарламада.

«29 маусымда жүрегі тоқтады. Реанимациялық шаралардың жалғасып жатқанына қарамастан, науқас қайтыс болды. Өлім себептері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі туыстарына хабардар етіледі», - деді денсаулық сақтау басқармасында.

Көж жұмарынан бұрын журналист, профессор Қуандық Шамахайұлы Facebook-те оған белгісіз дәрі беріп кеткенін жазған еді.

«Шырт ұйқыда жатыр едім түнгі сағат екіде дәрігер келіп, қағазға қол қой деп айтты. Содан кейін медбике маған дәрі мен су берді. Менен басқаларға бұл дәрі-дәрмекті бермеді. "Бұл вирустан көмектеседі" деді. Бұл істері күдік туғызып тұр. Сондықтан 3 литр су ішіп алдым», - деп жазды Шамахайұлы.

 
 

 




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 18:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31