«Дәрігерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады» — Алексей Цой

13 наурыз 2021, 12:17

Қазақстанда медицина мамандары 200 мың теңгеден бастап, 800 мың теңгеге дейін жалақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.

"2020 жылы медициналық қызметкерлерге 113 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік төлем жасалды. Бүгінде медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады. Яғни өткен жылы дәрігерлердің жалақысы 30%-ға артты. Осы орайда республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Ал президент бұл бастаманы қолдады. Дәрігерлердің жалақысын өсіру үрдісі жалғасын табады, себебі мемлекет тарапынан қолдау бар", - деді министр Цой.