Ел жаңалықтары

Дәрігерлер жұмысыына көңілі толмаған Петропавл тұрғыны аурухананы жарып жіберемін деп қорқытқан

  • Дәрігерлер жұмысыына көңілі толмаған Петропавл тұрғыны аурухананы жарып жіберемін деп қорқытқан

    Дәрігерлер жұмысыына көңілі толмаған Петропавл тұрғыны аурухананы жарып жіберемін деп қорқытқан

Петропавлдық тұрғын ауруханаға кіріп, дәрігерлерді жарылғыш затпен қорқытқан. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 қазан күні таңертең Петропавл қаласының 58 жастағы тұрғыны №4 емханаға гранатамен кіріп, медициналық қызметкерлерді қорқытқан.

"Полицияға қоңырау таңғы 9:10-да келіп түсті. Ауруханаға барлық полиция қызметтеркерлері жіберілді. № 4 емхана ғимаратынан медициналық қызметкерлер мен 100-ден астам пациент эвакуацияланды", - деді СҚО ПД бастығы Еңбек Сембин.

 
Оның айтуынша, арнайы мамандар гранатаны алып, оны контейнерге салған. Алдын ала тексеру бойынша Ф-1 гранатасының өз тұтандырғышы жоқ және жарыла алмайтын болып шықты. 

Медициналық мекемені аяғынан тік тұрғызған ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол бұл әрекетке аурухана жұмысына наразы болғаны үшін барғанын айтты. Сондай-ақ, ер адамның Ауған соғысының қатысушысы екені белгілі болды.

Оған қатысты қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 22:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30