Дариға Назарбаева туралы жаңа мәлімет жарияланды

17 қаңтар 2022, 18:31

Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады. Бұл туралы депутаттың баспасөз хатшысы хабарлады.

 

Ол ақысыз демалысқа коронавирус инфекциясына шалдығу себепті шыққан. Соған байланысты індеттен кейін оңалтудан өтетіні белгілі болды.

 

12 қаңтар күні отандық  БАҚ мәжілісмен Дариға Назарбаева коронавирус инфекциясын жұқтырып алып, үйде емделіп жатқанын жазған еді.

 

 

 

BAQ.KZ