Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Комиссия отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, IT-компаниялардың, ҮЕҰ және Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.


Отырысты аша отырып, министр Дәурен Абаев ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығын және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы»заң талаптарын орындаудың міндеттілігін атап өтті.



Отырыста 2018 жылғы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы дәрежесін бағалау нәтижелері ұсынылды. 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің айтарлықтай нашарлауы байқалады. Бұл бағалау әдістемесінің өзгеруімен де, өзінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың жеткіліксіз жұмысымен де байланысты.


Комиссия сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдардың (ОСК, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) ақпараттық жүйелерінің деректерін «Зерде» Холдингі жүргізген талдаудың қорытындыларын қарады.


Оның қорытындысы бойынша «Ашық деректер» порталында 30-ға жуық жаңа деректер жинағы жарияланып, жалпыға қолжетімді болады.


Сондай-ақ, «Зерде» Холдингі Басқарма төрағасының орынбасары А. Анисимов өз сөзінде Ашық деректер негізінде 5 жаңа қосымшалар әзірленіп жатқандығы туралы атап өтті. Олар «Smart Ақсу», «Smart Qostanay», «Смарт Заправка», «UniPark Клиент» және «DocuLite» қосымшалары.



Отырысқа шығарылған тағы бір мәселе – ашық отырыстардың онлайн-трансляциясын өткізу бойынша «ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның талаптарын орындау. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың түгелінің дерлік бұл талапты сақтамайды. Сондықтан тиісті ұсынымдар берілді.


Отырыс соңында әзірленіп жатқан мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының бета-нұсқасы (ИРБП) таныстырылды, ол барлық мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын және «электрондық үкімет»порталын біріктіреді.


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы А. Тұрысовтың айтуынша, жыл соңына дейін барлық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ИРБП-ға көшіру, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап оны іске қосу жоспарланып отыр.



 


 


 


 


 




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 13:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31