Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев: Арыстағы оқиғада халқымыз өзінің бірлігін көрсетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Арыс тұрғындарына Қазақстанның түпкір-түпкірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан азаматтардың саны артып келеді. Бүгін халықпен есептік кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Арыстағы ағайынмен біз де бірге екенімізді айтқым келеді. Кешегі қайғылы оқиғада қаза болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жарақат алған кісілердің тез сауығып кетуін тілейміз. Біз тағы да елдігімізді таныттық, осындай тосын оқиғаларда бір жұдырықтай жұмыла білетін бірлігімізді көрсеттік. Арыстан уақытша эвакуацияланған ағайынға Қазақстанның түпкір-түпкірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан азаматтардың да саны артып жатыр», - деді ведомство басшысы.


Осы орайда, министр кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, халыққа тиісті қолдау мен көмек көрсетілетінін айтқанын еске салды.


«Кешеден бері «Арыс, біз біргеміз» атты акция ұйымдастырылып жатыр. Біз де арыстықтармен біргеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері де зардап шеккен қалаға көмек ретінде бір күндік жалақымызды аударамыз. Біздің министрлікке қарасты ұйымдар да осындай қадам жасап жатыр екен. Бұл бастаманы қолдаймыз», - деді Дәурен Абаев.


 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 16:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31