Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев рұқсат етілген митинг пен заңсыз митингтің айырмашылықтарына тоқталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 30 маусым күні өткен митингтердің бұған дейінгі заңсыз өткен митингтерден айырмашылығын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Әуелі министр митинг өткізу үшін арнайы орындар белгілеудің қандай қажеті бар екеніне тоқталды.


«Митингке қалыптан тыс дүние ретінде қарауды қою керек. Ылғи айтып келемін, бұл қалыпты, бүкіл әлемде бар тәжірибе. Ең бастысы, митинг барысында тәртіпсіздікке жол бермей, біреудің мүлкіне зақым келуін болдырмау керек. Келісетін шығарсыз, ешкімнің сол митинг кезінде дүкенінің сөрелері қираған кәсіпкердің орнында болғысы келмейді. Сол үшін билік митингтер үшін арнайы орын бөледі, тәртіп күзетін ұйымдастырады. 30 маусымда бәрі дәл осылай болды. Үш акция да мәдениетті бейбіт жиын өткізе алатынымызды көрсеткенін айтқым келеді. Митинг барысында алуан түрлі ұрандар мен талаптар айтылды. Осының бәрі БАҚ-та жарық көрді. Мен билік халықпен өркениетті диалог құруға дайын екенін ылғи айтып келемін. Шетін шараларға барып, тыйым салынған ұйымдардың арандатушылық ұрандарына ерудің қажеті жоқ. Азаматтардың өз талаптарын лигитимді арнада айтуына шынайы жағдай жасалып отыр», - деді Дәурен Абаев.


Бағдарлама барысында ол жастардың «Зерен» атты жазғы лагері бастау алғанын да айтты. «Ақмола облысында жастардың лагерінің алғашқы кезегі бастау алды. Дәл осындай үш кезек болады. Шілденің соңына дейін жалғасуы керек. Бұл ауқымды жұмыс Жастар жылы қарсаңында өтіп отыр. Басты мақсаты - өмірдің әр саласында озық танылған белсенді жастардың басын қосу. Олардың арасында тіпті «100 жаңа есім» жеңімпаздары да, шетелдегі қазақ диаспораларының өкілдері де, жас кәсіпкерлер мен еріктілер де бар. ТМД жастарының өкілдерін де шақырдық. «Зерен» лагері тынығып, көңіл көтеру үшін жасалып жатқан жоқ. Тренингтер өтіп, шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Жаңа әрі бірегей жобалар лагерь алаңында дайындалып, таныстырылады. Тіпті ондай жобалардың алға басуына күш салу көзделген», - деді Дәурен Абаев.


 




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

жұма, 05.07.2019, 17:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31