Дауыл мен қатты жаңбыр: Алдағы күндері ауа райы қалай болады?

18 мамыр 2022, 11:05

Қазгидромет 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысындағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклон анықтайды. Солайша, оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады, осыған байланысты елдің барлық аумағында жаңбыр жауады.

“19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамырда батыста, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі”, – делінген хабарламада.