Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус қазақ тілін үйренетінін мәлімдеді

05 тамыз 2022, 09:50

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының басшысы Тедрос Гебрейесус алдағы уақытта қазақ тілін үйренетінін мәлімдеді. Сөзінше, немересіне байланысты осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

Тедрос Гебрейесус бұл туралы денсаулық сақтау министрімен кездесу барысында айтты.

"Бұған дейін мен Қазақстанда екі рет болғанмын. Бірінші рет 2017 жылы Алматыға келдім. Екінші рет келгенде алғашқы медицина-санитарлық комек көрсету бойынша конференция аясында белгілі дәрігер Төрегелді Шармановпен кездестім. Ол кезде менің отбасымды Қазақстанмен ештеңе байланыстырмайтын. 2022 жылы туыс атандық. Бұл үшін қуаныштымын. Мұнда менің құдам Дәулет Тұрлыханов тұрады. Демек Қазақстан менің де үйім. Жақында немерем сөйлей бастайды. Сондықтан мен онымен туған тілінде сөйлесе алауым керек", – деді Тедрос. 

Алматыға ресми емес сапармен келген ДДСҰ басшысы Алматыдағы туыстарымен кездесіп, сыйлыққа шапан мен жылқы алған. 

Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының құдасы екені белгілі болған еді.