Демалыс күндері Алматыда қоғамдық көліктер жүрмейді

12 наурыз 2021, 12:21

Демалыс күндері Алматыда қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шаралары күшейтілді. 

 "Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау мақсатында алдағы демалыс күндері,  яғни 13 және 14 наурызда, қоғамдық көліктің, оның ішінде метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылады. Қоғамдық көлік жұмысы дүйсенбі, 15 наурыз күні жоспарлы түрде қайта жандандырылады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурызда Алматы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа кірді. Осыған байланысты Алматы мектептерінде бұрын шектеу шаралары күшейтілді.