Демалыс күндері Алматыда сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істемейді.

12 наурыз 2021, 16:03

Алдағы демалыс күндері Алматыда сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істемейді.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 10 наурызда шыққан қаулысына сәйкес, демалыс күндері, яғни, сенбі және жексенбі күндері қалада спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, сондай-ақ, сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне тыйым салынған.

Ашық базарларға (азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын) тек жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынды.
 
Супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 02:00-ге дейін шектелді.

Сондай-ақ, қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау мақсатында алдағы демалыс күндері, яғни, 13 және 14 наурызда, қоғамдық көліктің, оның ішінде, метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтайды. Қоғамдық көлік жұмысы дүйсенбі, 15 наурыз күні жоспарлы түрде қайта жанданады.