Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

06 сәуір 2018, 20:48

Синоптиктер 7-9 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстікте ылғалды қар мен көктайғақ, ал оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Қазақстанның солтүстік аудандарында кезекті циклон орналасып, еліміздің барлық облыстарындағы ауа райына әсер ететін болады. Алдағы үш тәулікте артикалық суық фронпен байланысты солтүстік облыстарда ылғалды қар, түнде тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты найзағай, екпінді жел болжанады. Ауа температурасының ауытқуы күтіледі: жауын-шашынмен тез төмендеп, күн ашылғанда шапшаң жоғарылай бастайды", - деді "Қазгидромет" мамандары.