Ел жаңалықтары

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

  • Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 2021 жылдың 20, 21 және 22 қарашасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 20-21 қарашада республиканың шығыс жартысына Солтүстік-Батыс суық антициклонының әсері сақталады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар елдің батыс жартысы кезекті Атлантика циклонының әсерінде қалып, ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр.

22 қарашада Атлантика циклоны батыстан шығысқа қарай жылжып, елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты қар жауып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады, елдің солтүстік жартысында бұрқасын соғады.

Батыста ауа температурасы түнде 2 градус суық – 5 градус жылы, күндіз 0-10 жылы болады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде аяз бәсеңдеп, ауа температурасы көтеріледі – түнде минус 6-16 градустан 0-9-ға дейін, күндіз 0-ден минус 9 градусқа дейін, республиканың шығысы мен орталығында түнде минус 18-28 градустан минус 10-ға дейін, күндіз минус 5-15 градустан минус 5-тен плюс 3 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде минус 5-15 градустан минус 5 – плюс 3-ке дейін, күндіз 0-10 градустан плюс 5-15 градусқа дейін жылынады.

aikyn.kz




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 02:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31