Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

10 маусым 2022, 12:37

«Қазгидромет» РМК-сы алдағы демалыс күндерінің ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндері солтүстік-батыс және оңтүстік циклондарының бірігуі нәтижесінде республиканың барлық аумағында дерлік ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады.

 

11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

 

Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

 

Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26-ға дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35-ке дейін жылынады, солтүстігінде 20-28-ден 25-30-ға дейін ауытқиды, шығысында 28-37-ден 24-33-ке дейін төмендейді, орталығында 22-30-дан 27-32-ге дейін көтеріледі, оңтүстігінде 35 жылу болжанады, ал оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30-ға дейін төмендейді.