Ел жаңалықтары

«Денсаулығым туралы көп сұрайтын»: Аяжанды өлтірген күдіктінің тағы бір қызбен сөйлескені белгілі болды

  • «Денсаулығым туралы көп сұрайтын»: Аяжанды өлтірген күдіктінің тағы бір қызбен сөйлескені белгілі болды

    «Денсаулығым туралы көп сұрайтын»: Аяжанды өлтірген күдіктінің тағы бір қызбен сөйлескені белгілі болды

Рахманберді Төребековті танитын қыз тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz сайты.

Тик-ток желісіне жүктеген видеосына қатысты 31 арна тілшісі Әлібек Шынтемірге сұқбат берген. Рахманберді Төребековпен Badoo арқылы танысқанын айтады. «Ауыр қылмыс жасағанын естіп, суретін көргеннен кейін жүрегім жарыла жаздады» дейді.  

«Күндіз кездесіп жүрген күннің өзінде барынша пәтеріне алып баруға тырысатын. Мен, әрине, оған келіспедім. Жігітім бар ма, жоқ па, ол оны алаңдатпайтын. Денімнің саулығы туралы өте көп сұрайтын. Сондай-ақ, бірге тамақтанудан бас  тартатын. Қолымды қатты қысып ұстап алған жағдай да болған», - дейді Bugin.kz сайтының  тілшісіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, Рахманберді Төребековтің 1 жыл Арзан  сауда кешенінде бакалея өнімдерін сату бойынша мерчендайзер болып жұмыс істегені белгілі болды. Рахманбердімен бірге жұмыс істеген әріптесі Мадина Bugin.kz тілшісіне өз пікірімен бөлісті.

«Өте ұқыпты бала болатын. Бәрімен жақсы араласып, бәріне көмектесіп жүретін. Тауарды тиянақты,тыңғылықты реттейтін. Тіпті кей қыздардың қолынан олай реттеу келмейтін еді. Үстіне шаң жуытпай таза жүретініне таң қалатынбыз. Футбол жайлы көп айтатын»,- дейді әріптесі.




Көрілген: 5818    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.04.2021, 21:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30