Ел жаңалықтары

Денсаулық министрі коронавирустан қайтыс болғандар санын жариялады

  • Денсаулық министрі коронавирустан қайтыс болғандар санын жариялады

    Денсаулық министрі коронавирустан қайтыс болғандар санын жариялады

1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен коронавирустық пневмонияның статистикасы біріктірілген болатын

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, наурыз айынан бері республика бойынша 92 662 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. 30 мыңға жуық науқас емделіп жатыр. Қалғаны жазылып шыққан.  

"Өкінішке қарай, кешегі күнмен есептегенде 1 058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирусты жұқтырғандардың саны едәуір азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте 1 069 адам COVID-ке шалдығады. Ауруханаларда дәрі-дәрмектер жеткілікті. COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 52 мың төсек-орын бар", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

3 тамыздағы ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 34 адам, вирустық пневмониядан 21 науқас көз жұмғаны хабарланып отыр. Барлығы - 55 адам.

Айта кетейік, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен коронавирустық пневмонияның статистикасы біріктірілген болатын.

Бүгін мемлекет басшысы үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті екенін айтты. Ол денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру, деді.




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30