Ел жаңалықтары

Денсаулық министрі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

  • Денсаулық министрі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

    Денсаулық министрі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұстағалғанын растады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әзірше, бізде осы іске қатысты нақты ақпарат жоқ. Себебі тергеу шаралары жүріп жатыр. Құзіретті органдар ол ақпаратты өздері жариялайды деп ойлаймын", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, оның орынбасары жұмыстан кету туралы арызды өткен аптада берген.

"Әбішев Олжас Амангелдіұлы жұмыстан өз еркімен кету туралы арызды өткен аптада тапсырған. Қазір біз ол мәселені қарастырып жатырмыз. Сондықтан арыз бар, егер шешім қабылданса, онда ол қызметінен босатылатын болады", - деп атап көрсетті Цой.

Айта кетейік, 2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұстағалғанын растады. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайды.

Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті.




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30