Ел жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі: Жылдың соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина салынады

  • Денсаулық сақтау министрі: Жылдың соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина салынады

    Денсаулық сақтау министрі: Жылдың соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина салынады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцуина салу туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 2021 жылдың соңына дейін алты миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты. 

 
"1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топқа жататын тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуды бастау жоспарланып отыр. Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллионға дейін қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында вакцинациялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін айтты. Министрдің сөзінше, алғашқы жартыжылдықта 2 миллион адамды вакцинациялау жоспарланған. Жалпы вакцинация 6 кезеңге бөлінеді. 

"Бірінше кезеңде - жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем қызметінің, реанимация бөлімі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмесінің, санэпид қызмет қызметкерлері;

Екінші кезеңде - жалпы білім беру мектептерінің педагогтері, ЖОО, ведомстволық медициналық қызметтердің медициналық қызметкерлері;

Үшінші кезеңде - мектеп-интернаттардың педагогтері, балабақша, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар:

Төртінші кезеңде - ІІМ, ТЖМ, БМ, ҰҚК қызметкерлері және стационарлардағы медицина қызметкерлері, балабақша қызметкерлері мен созылмалы аурулары бар адамдар;

Бесінші кезеңде - медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары барлар", - деді Цой бүгінгі Үкімет отырысында. 




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31