Денсаулық сақтау министрі отставкаға кетуге қатысты пікір білдірді

24 шілде 2021, 00:04

Министр БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында отставкаға кету мәселесіне қатысты сауалға жауап берді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой басқа қызметке ауысу туралы ойлануға уақыты жоқ екенін айтты.

Министр  БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында отставкаға кету мәселесіне қатысты сауалға жауап берді.

«Министрліктің алдында қазір көптеген мәселе тұр. Пандемия кезінде жаһанды жайлаған дертпен күресте министрліктің барлық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеуде. Егер де ел билігі басқа мамандарды тартуды көздейтін болса, біз оған әрдайым дайынбыз. Ал дәл қазір жұмыстан бас көтермей қызмет етудеміз. Біздің басқа шаруаларға көңіл бөлуімізге уақытымыз жоқ. Біз өз азаматтарымызды індеттен аман алып қалудың қамымен жүрміз», – деді Алексей Цой брифингте.

aikyn.kz