Ел жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрлігі халыққа тағы да ескерту жасады

  • Денсаулық сақтау министрлігі халыққа тағы да ескерту жасады

    Денсаулық сақтау министрлігі халыққа тағы да ескерту жасады

Қазақстан Үкіметі коронавирус инфекциясымен күресу бойынша уақтылы қабылдаған шаралар оң нәтиже берді. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Вице-министр А. Ғиният КВИ-мен күресте оң нәтижелерге мүмкіндік берген бірқатар шараны атады.

Осылайша, ел Президентінің тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыреті шеңберінде қосымшаинфекциялық төсек-орын қорын құрды, инфекциялық стационарларды медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қамтамасыз етті, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қорын құрды, КВИ профилактикасы, диагностика және емдеубойынша оқу вебинарлары өткізілді, сондай-ақ КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасы мен әдістемелік ұсынымдары әзірленді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың базасында бейінді мамандардың қатысуымен мобильдік бригадалар, Call-орталықтар, консультациялық топтар ұйымдастырылды.

«Өкінішке қарай, орны толмас шығындар да болды. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар оң нәтиже беріп, КВИ салдарынан болатын өлім-жітімді 4 есе азайтуға көмектесті. Бүгінде инфекциялық төсек-орынның 25% ғана науқас бар», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, азаматтарәлі де КВИ-ге шалдығуда. Сондықтан А.Ғиният қауіпсіздік шараларын және санитарлық гигиена ережелерін сақтауға шақырды: қолды жиі жуып, арнайы антисептикалық құралдармен сүрту, бөлменіжелдету қажет, бір рет қолданылатын майлық алып жүріңіз және жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым мұрын мен ауызды жабыңыз, жеке тұрмыстық заттарды пайдаланған дұрыс.

«Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйден шықпаңыз, жұмыстағы басшылықты бойыңызда вирустық инфекцияның белгілері барекенін ескертіңіз, отбасының басқа мүшелерінен оқшаулаңыз, емханаға қоңырау шалыңыз, учаскелік дәрігерге SMS жіберіп, жағдайыңызды хабарлаңыз. Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз! Профилактикалық тексерулерден өтіп, дәрігерлердің ұсынымдарына құлақ асыңыз, - деді А.Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен күреспен қоса, басқа аурулардан болатын қайғылы жағдайды азайту үшін шаралар қабылдауда. Мұнда МСАК ерекше рөл атқарады, бүгінде 7 мыңнан астам медициналық ұйым, оның ішінде 2991 медициналық пункт, 836 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1379 дәрігерлік амбулатория және 2182 емхана қызмет көрсетеді, онда 10 мыңға жуық дәрігер мен 28 мың орта медицина қызметкері, оның ішінде ауылдық жерлерде 47% жұмыс істейді.




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 01:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30