Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Формацияға» 20 млрд теңге қарыз болып қалды

20 сәуір 2022, 13:54

Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармация» компаниясына қарыз болып қалды. 2021 жылы Pfizer вакцинасы «СҚ-Фармация» қаражатына сатып алынды. Ізінше Денсаулық сақтау министрлігі 20,6 млрд теңгені қайтаруға міндеттеліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР
БҰҰ Ресей мен Украинаны Пасха уақытында бітімге келуге шақырды
Қаражат 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген. Парламент Мәжілісінің отырысында бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Былтыр Pfizer вакцинасын сатып алуға «СҚ-фармациядан» қаражат алдық. Күзде 100% төлеуге мәжбүр болған едік. Бүгінгі таңда "СК-Фармация" алдындағы қарызды өтеу қажет. Егер бұл қарыз дер кезінде, мамыр айында төленбесе, онда бірыңғай дистрибьютор дәрілік препараттар бойынша жеткізушілер алдындағы өзінің шарттық міндеттемелерін орындай алмайды", – деп түсіндірді Ғиният.
2021 жылы Қазақстан корнавирусқа қарсы іс-шараларға 100 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.