Депутаттар әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің жалақысына шүйлікті

10 наурыз 2021, 15:56

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің жалақысына жұмсалатын ақша туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі. 

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов премьер-министр Асқар Маминге сауал жолдады. 

 
"2019 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары 5,8 миллиард теңгеден асты. 4,4 миллиард теңге жалақыға жұмсалды. Егер оны қордың барлық 850 қызметкеріне бөлетін болсақ, онда айына әрқайсысы 434 мың теңге жалақы алады", - деді мәжілісмен.

Аманжан Жамалов атап өткендей, егер сіз ӘМСҚ-ның қолда бар қаржылық есептілігін зерттейтін болсаңыз, онда ӘМСҚ кеңесінің төрт мүшесіне жалпы  77 миллион, әрқайсына 19 миллион теңгеге сыйақы төленді.

"Сондықтан болар, ӘМСҚ басқарма төрағасы жалақысын көпшілік алдында жариялаудан бас тартып, мемлекеттік қордағы азаматтардың жарналары мен аударымдары есебінен сақталатын коммерциялық құпияға жүгіне бастады", - деп қосты Жамалов.

Жамалов бюджеттен тыс қорлардың қызметіне ашықтықты енгізу үшін жалақы мен әкімшілік шығыстар бойынша барлық баптарды бөле отырып, бюджеттен тыс қорлардың шығыстары туралы ақпараттарды максималды түрде ашу стандарттарын бекіту және ақпаратты жариялауды бастау қажет