Депутаттың көлігін тоқтатқан екі полицей парамен ұсталды

27 мамыр 2022, 18:20

Антикор Алматы облысы бойынша Жол полициясының екі қызметкерін ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облысы бойынша Жол полициясының екі қызметкерін ұстағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұған дейін полиция қызметкерлері мәслихат хатшысын жауапқа тартқаны хабарланған болатын. Антикоррупциялық қызмет атынан аталған фактілер бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ екенін хабарлаймыз. Жұртшылықтан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.