Ел жаңалықтары

Диетолог зиянды деп саналатын пайдалы өнімдерді атады

  • Диетолог зиянды деп саналатын пайдалы өнімдерді атады

    Диетолог зиянды деп саналатын пайдалы өнімдерді атады

Австралиялық диетолог және нутрициолог Лаура Форд зиянды деп саналатын алты пайдалы тағамды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тізімде бірінші жаңғақтар болды. Фордтың айтуынша, диета ұстайтын адамдардың көпшілігі жоғары калориялы болғандықтан оларды жемеуге тырысады. Алайда диетолог бұл өнімнің пайдалы майларға, дәрумендерге, минералдарға және антиоксиданттарға бай екенін түсіндірді. Ол тамақ арасында жүрек жалғар ретінде бір уыс жаңғақ жеуге кеңес береді.

 
Ақ күріш те салмақ тастауға кері әсер ететіндер қатарына жатады. Алайда, Фордтың пікірінше, күріш - керемет энергия және көмірсулар көзі . Диетолог ақ күрішті жеу тоқтық сезімін беріп, зиянды тағамдарға деген құштарлықтан арылуға көмектеседі деп санайды.

Бұдан бөлек, жұмыртқа да, әсіресе сарысы, тыйым салынған тағамдар тізіміне жиі енеді. Диетолог жұмыртқалардың ақуызға бай екенін, ал сарысында ағзаға оны сіңіруге көмектесетін дәрумендер мен минералдар бар екенін еске салады.

Диетолог фигураны сақтау үшін пастадан бас тартудың қажеті жоқ екенін айтады, өйткені бұл тағам ішек микрофлорасына пайдалы. Ол al dente макаронын пісіріп, оны көкөністер мен өсімдік тектес өнімдермен жеуге кеңес береді.

Сонымен қатар, Форд дәнді, талшықтарға, дәрумендер мен минералдарға бай өнімдерді назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 17:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30