"Дикий" Арманды қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды

05 сәуір 2022, 15:23

"Дикий" Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат аганттігі. 

"4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты", - деді Жарылқасын.

"Халыққа көмектесу үшін шықты": Арман Жұмагелдиевтің әйелі президенттен араша сұрады
Бас прокуратура "Дикий" Арманның не үшін тергеуде екенін айтты

Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 3-тармағы, 272-бабы, 2-бөлігі, 287-бабы, 4-бөлігі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура "Дикий" Арман туралы пікір білдіріп, "Мұндай адамдар ештеңеден тайсалмайды" деп айтқан еді.