Ел жаңалықтары

"Дикий" Арманның тұңғышы дүниеге келді

  • "Дикий" Арманның тұңғышы дүниеге келді

Халық арасында "Дикий Арман" атанып кеткен Арман Жұмағалиевтің тұңғышы дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әлхамдулиллях, Алланың қалауымен алғаш рет әке атандым. Мәриям-Медина есімді қызым дүниеге келді. Жылы тілектеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіргім келеді. 

Ол Қазақ еліне лайықты қыз болады деп үміттенемін. Қазақ елім аман болсын. Аллахым елімізге күш-қуат, берекет, тыныштық берсін, амин", - деп сүйінші хабарды жеткізді Арман. 

 
Қоғам белсендісін алғашқылардың бірі болып Айнұр Тұрсынбаева құттықтады. 

"Шымкентке жиналып жанталасып жатсам, сүйінші хабар келді.
Ал Ареке тұңғышыңның бауы берік болсын. Мәриям қызымыз Хадишадай ардақты, Асиядай ардақты, Айшадай ақылды болып өссін!
Қуаныштан толқып тұрмын. Қызыңыз майкөтен болып келіп, артынан өзіңіз сияқты батыр ұлдар ерсін", – деп жазба жариялады ол жеке парақшасында.




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 10:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31