"Дикий" Арманның түрмеден жолдаған видеосы шықты

18 қараша 2022, 15:26

Ол Қаңтар оқиғасы кезінде өзінің ел тұтастығы үшін әрекет еткенін айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

"Дикий Арман" ретінде танымал Арман Жұмагелдиев қаңтар айындағы оқиғалар кезінде халықты қорғауға күш салғанын айтады. Видеода ол тұрғындарды арандап қалудан сақтадым дейді.

 

Митингте қан төгілмеуіне жол бермеуге тырыстым. Елді бірлікке шақыруға күш салдым. Халқымды қорғағым келді. Қазір сол үшін қапаста отырмын. Арандатушылардың жолын кескім келді, сондықтан осылай жасадым, — дейді ол.

 

 

Арман Жұмагелдиев өзін Қазақстанның патриотымын дейді. Ол қаңтарда жақтастарымен бірге Алматыдағы бірқатар маңызды нысандарды қорғап қалғанын айтады. Сөз соңында "Дикий Арман" өзіне қатысты тергеудің әділ өткенін қалайтынын айтыпты.

 

Еске салсақ, қамауда отырғандарға телефон және тб заттар беруге заң бойынша тыйым салынған. Ал Арман Жұмагелдиевтің қолына телефон қалай тигені белгісіз. Желіде пікір қалдырып жатқан жұрттың бәрін осы мәселе қызықтырады екен.