Ел жаңалықтары

«Димаш» деген бір телеарна ашып қойса да аздық етпес еді...» - журналист

  • «Димаш» деген бір телеарна ашып қойса да аздық етпес еді...» - журналист

    «Димаш» деген бір телеарна ашып қойса да аздық етпес еді...» - журналист

Журналист Серік Әбікенұлы қазіргі қазақ руханиятына бөлінген қаржының оңды-солды шашылып, мақсатсыз жұмсалып жатқанын айтып пост жазған. Ол өзінің жазбасында Қазақстаның өнер-мәдениетін әлемге таныту үшін миллиардтап қаржы жұмсағанша, бір Димаш деген телеарна ашып қойса жетер еді деген ой айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жаратушы қазақты жақсы көреді. Қобал баласына оқта-текте тарту жасап тұрады. ХХI ғасырда құдай бере салған Димаш бұйырыпты пешенемізге. Қазір Қазақстаның өнер-мәдениетін әлемге таныту үшін миллиардттар желге ұшып жатыр. Соның бәрін сап тиып, "Димаш" деген бір телеарна ашса жетер еді. Димаш - адамзат сүйген перзент, тіл-көзден сақтасын. Күллі әлемді қазақша ыңылдатып қойды. Ол насихатталатын арнаны жаһан жабыла көрер еді, мәдениетіңмен танысар еді. Димаштың аталары деп танытсаң Абайды да, басқаны да іздеп жүріп оқыр еді. Димаш феноменін ұғу үшін қазақ феноменіне үңілер еді. Ең бастысы қазақты тілдеген бораттарды қытай, ағылшының қуып жүріп сабап, бордай езер еді. Әзіргі әрекеттер...», - деп жазған өзінің facebook парақшасында. 




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 14:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31