Димаш Құдайберген әлеуметтік желіден көрінбей кетуінің себебін айтты
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде белсендігі төмендеген танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
"Dears, соңғы кездері әлеуметтік желілерде белсенді емеспін, өйткені жобалармен жұмыс істеп жатырмы. Жақында сіздермен бөлісемін. Баршаңызға қайырлы күн болсын. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды Instagram-да әнші.
 
Тыңдармандары Димашқа сәттілік тілеп, жаңа туындылар күтетінін мәлімдеді.
Димаш Құдайберген: Менің руым - қырғыз
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшетінін мәлімдеген.
"Шығармашылығымды жетілдіру үшін Америкада біраз уақыт болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін шоу-бизнес әлемінің эпицентрінде болуым керек. Менде ондай тәжірибе болған: Қытайда өзімнің музыкамды дамыту үшін үш жарым жыл болдым. Менің сүйікті жерім - ол менің отбасым тұрып жатқан жер", - деді Димаш MTV USA телеарнасына берген сұхбатында.