"Димаштан кейін қазақтарға таңғалмаймын": Қазақстандық әнші ресейлік шоуда Градскийді тәнті етті (видео)

14 қазан 2021, 13:56

Қазақстандық Әділхан Макин ресейлік "Голос" шоуына қатысып, өнерімен Александр Градский мен Дима Биланды өзіне қаратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әділхан Макин - Петропавл қаласының тумасы. 2019 жылы Димаш Құдайбергеннің жеңісін қайталап, "Славян базары" байқауында гран-при жеңіп алды. Көптеген отандық жобалардың қатысушысы, шетелдік байқаулардың лауреаты. 

Ресейлік шоуға қатысуды бұрыннан армандапты. Көрмей тыңдау кезеңінде Әлілхан Алла Пугчеваның "Не отрекаются любя" әнін орындады.

 
"Димаштан кейін қазақтардың ештеңесіне таңғалмаймын. Бірақ бүгін сен мені таңғалдырдың. Жоғарғы регистр тенордікі, ортаңғы регистр - баритон, ал төменгі - бастікі. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - деп атап өтті Градский. 

Өз кезегінде Әлілхан "ақсақалды" таңдайтынын айтып, Градскийдің командасына қосылды.