Ел жаңалықтары

"Директорлар солай жасай ма": Министр мектептегі тәрбие мен білімді сынады

  • "Директорлар солай жасай ма": Министр мектептегі тәрбие мен білімді сынады

Білім және ғылым министрі мектептерде тәрбие жұмыстарының ақсап тұрғанын мойындады. Енді директорлар оқушы мектепке кіргеннен бастап, оның көңіл күйіне де назар аударуы керек. Бұл туралы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келген Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Аймағамбетов мектеп пен ата-ананың ара қатынасының көп жерде жолға қойылмағанын сөз етті.


"Шыны керек мектептерде тәрбие жұмысы біраз ақсады. Білім деп бір жаққа кетіп қалдық. Тәрбие біз үшін өте маңызды. Кейбір мектептерде қазірден бар.

Мектепке келген баланы есік алдынан тосып алып, оны кім алып келді, көңіл күйі қандай, үстіндегі киіміде дейін назар аударып, сол бойда шешім қабылдап отырады. Ал бізде барлық директор осылай жасай ма? Сол үшін осы мәселені қолға алып отырмыз.


Екіншіден, мектеп пен ата-ананың ара қатынасы көп жерде жолға қойылмаған. Ата-аналар "бәрін мектеп шешу" керек деген пікірде, кей мектепте "ата-ананың жұмысы" деп отырғандар бар. Екі ортада бала қалып тұр.

Мектептегі жиналысқа ата-аналар, әрине, келмейді. Егер біз тұрғызып қойып, "сенің балаң анадай, мынадай баға алды" деп тек ұрысуға шақыратын болсақ. Онда бала да, ата-ана да келмейді.


Сол себепті жиналыс форматын да өзгерту керек. Біз баланың сыни, кретивті тұрғыда ойлауын дамытуымыз керек. Алған білімін қолдану тетіктерін беруіміз керек", - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, еліміздің бас ұстазы мектеп директорларына спорт залдарды жалға беру арқылы мектепке кіріс әкелуге рұқсат берді.


"Мектептегі спортзалдарды сабақтан тыс уақытта жалға беруге болады. Жалға аушылар ақшаны бюджетке емес, мектептің есепшотына аударатын болады", - деді Аймағамбетов.




Көрілген: 1675    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.11.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30