Дизель тапшылығынан Қарағандыда автобустар жолға шыға алмай қалды

10 қазан 2021, 20:27

Бұл мәселе Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бақылауында
10 қазанда Қарағанды қаласының жолаушылар көлігінің 30 проценті дизель тапшылығынан жолға шықпады.

"Вечерняя Караганда" басылымының хабарлауынша, тұрғындар тарапынан шағым түсіп жатыр. Ал жүргізушілер болса жанар-жағар майдың жоқтығын айтқан.

Жергілікті әкімдік бұл ақпаратты растады.

"Бүгінгі таңда қаланың қалалық бағыттарында 193 автобус жұмыс істейді - бұл демалыс күндерінің кестесі бойынша жоспардың 72% құрайды. Автожанармай құю станцияларында дизель отынының болмауына байланысты №2 маршрутының шығуы тоқтатылды, кейбір маршруттарда жолаушылар көлігінің қысқартылған саны жүріп жатыр. 28, 29  маршруттары желіде", - делінген Қарағанды қаласы әкімдігінің инстаграм парақшасында.
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, 11 қазанда автобустар барлық бағдар бойынша іске қосылады. Бұл мәселе Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бақылауында.