Доллар 11 теңгеге арзандады

08 сәуір 2022, 16:43

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 11,13 теңгеге арзандады. 1 доллар 446, 89 теңге болды. 

Ұлттық банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 458,87 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сату бағамы 446-449 теңге болса, сатып алу бағамы 454-456 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 447-450 теңге, сатып алу бағамы 453-454 теңге.