Доллар бағамы 7 теңгеге төмендеді

01 наурыз 2022, 17:18

1 наурызда Ұлттық банк белгілеген доллардың ресми бағамы 495 теңге
Күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллар бағамы төмендеді.
Қазақстандық қор биржасынының мәліметіне сәйкес, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 487,75 теңгені құрап, 7,25 теңгеге төмендеді.
1 наурызда Ұлттық банк белгілеген доллардың ресми бағамы 495,0 теңге екенін атап өткен жөн.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сату бағасы - 487,26 теңге, сатып алу құны - 492,84 теңгені құрап отыр.
Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы - 486 теңге, сату - 491,48 теңге.