Доллар бағамы 8 теңгеге көтерілді

06 мамыр 2022, 19:57

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жағдай бойынша, жұма күні америкалық валюта 7,76 теңгеге қымбаттап, доллардың орташа бағамы бір бірлік үшін 435,58 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы тәулігіне 0,14 теңгеге көтеріліп, 6,62 теңгеге жетті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы тағы 1,21 теңгеге түсіп, 64,1 теңгені құрады. Сауда көлемі – 2,4 млн юань.

Кешегі кешкі сауданың қорытындысы бойынша, еуроның орташа сараланған бағамы 454,73 теңгеге дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 437-443 теңге, еуро 455-463 теңге, ресей рублі 5,8-6,05 теңге аралығында сатылуда.