Донбасқа қазақ бітімгерлерінің жіберіле ме?

03 мамыр 2022, 18:44

Бұл сұраққа орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бүгін журналистер Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтен “ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ па?” деп сұрады.

 

Министрдің орынбасары әскери күшті бітімгерлік мақсатта пайдаланудың өзіндік тәртібі бар екенін жеткізді.

 

"Шынымен де, қазіргі геосаяси жағдайда бұл мәселе қоғамды қатты мазалап жатыр. Алайда әскери күшті басқа жерде қолдану шаралары нормативтік актілермен бекітілген. Ал әскерилерді бітімгерлік операцияларда пайдалану тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы негізінде ғана жүргізіледі. Одан кейін мемлекет басшысы парламентке ұсыныс жасайды.Парламент мақұлдаған жағдайда ғана әскерилерді бітімгерлік миссияларға жібереді. Бірақ дәл қазір ондай мәселе қаралып жатқан жоқ", - деді Қамалетдинов.

 

Министр орынбасарының айтуынша, бүгінде бітімгерлік күштер туралы келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.