«Дронды атпақ болды»: Әлдебір шенеуніктің үйін әскери емес қарулы адамдар күзетіп жүр

18 қаңтар 2022, 20:05

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  хабарлайды.

"Шенеуніктің үйін автоматы бар түсініксіз адамдар күзетіп жүр. Және үйді дроннан түсіруге рұқсат бермейді. Тіпті олар автоматпен дронды атып түсіруге тырысты" -  деді журналист Facebook парақшасында.

Белгісіз күзетші өзін-өзі таныстырмай, қаруланып көшеде не үшін жүргеніне түсінік бермей, үндемей кетіп қалды.

Қандай әскер бөліміне жататыны белгісіз, белгілері жоқ екен,- деді автор.