Ел жаңалықтары

Дұға ететін орындар дәретханаға айналған: Қытайда қиратылған мешіттің орнына қонақүй тұрғызылуда

  • Дұға ететін орындар дәретханаға айналған: Қытайда қиратылған мешіттің орнына қонақүй тұрғызылуда

    Дұға ететін орындар дәретханаға айналған: Қытайда қиратылған мешіттің орнына қонақүй тұрғызылуда

Қытайдың Шыңжаң ауданында мұсылмандар мешіті бұзылып, орнына қонақүй ғимараты салынуда. Аймақтағы діни орындарының барлығы жаппай сүрілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап. 

Бүгінде Қытай билігі жергілікті этникалық ұлттарға қатысты діни және мәдени орындардың барлығының көзін құртуды мақсат еткен. 2018 жылы Аустралия  стратегиялық саясат институтының жерсеріктен түсірген суретке сәйкес Хотанда жаңадан басталған құрылыс нысанының орнында мешіт болғаны анықталды.  

"Қытай үкіметі этникалық халықтардың сенімі мен салт-дәстүрін партиялық басқаруға қарсы қауіп деп танып отырғанын байқауға болады. Бұған мысал - қытайлықтардың Бейжің мен Шыңжаңдағы мәдениет пен дін көрінісін түбегейлі жойып жатқаны. Бұл жақта ұйғыр болып туылсаң, қытай халық партиясының дұшпаны айналасың", - дейді аустралиялық ғалым Натан Русер. 

Институт мәліметінше, Шыңжаңда 2017 жылдан бастап Қытай саясатының нәтижесінде 16 000 мешіт сүрілген. Бұған қоса, Ислам дініне қатысты ғибадатханалар, зираттардың 60%-ын тас-талқаны шыққан. Ал тұрғындарға туыстары жерленген жерге барып, дұға оқуға тыйым салыныпты. 

Қазіргі таңда жергілікті халық үшін қасиетті саналатын Асим имам мазары қаңырап қалған. Мұнда мінәжат ету үшін мұсылмандар шөл даланы кезіп, бірнеше күн бойы жүріп келген екен. Шыңжаң мұсылмандары бұл жерге үш рет аяқ бассаң, бір рет Меккеге барғанмен тең деп санайды екен. 

"Қытай коммунистік партиясының озбыр саясатына дейін мазарға адамдар мың-мыңнан келетін. Бұл - ұйғырлар үшін үлкен маңызы бар орын. Ал оны жермен-жексен ету - ұлтты жоюмен бірдей", - дейді ұйғырлардың қасиетті орындарын зерттеуші, Манчестер университетінің оқытушысы Риан Тум. 

Қазірде ғибадатханалардан бөлек, Хотанда жексенбілік базарда жабылған. Бұған дейін бұл сауда орны қаладағы ең шулы, адам таусылмайтын жерлердің бірі болған деседі. 

Қашқардағы мешіттер де қаңыраулы күйде қалған. Олардың бірін тіпті тұрғындар қоғамдық дәретханаға айналдырған. Діни жазулардың барлығы қара түспен боялған. 

Шыңжаңда қазір дұға етумен қоса, ерлерге сақал өсіруге, әйелдердің басына орамал салуына тыйым салынған. Ұйғыр тілінде жарияланатын кітаптардың тақырыбы ауыл шаруашылығы, тамақ дайындау, бау-бақша тақырыптарына арналған. Дін мен мәдениет туралы жазуға қатаң шектеу қойылған. 

Десек те Қытай үкіметі мешіттердің жаппай сүрілуін жоққа шығарды. Айтуларынша, негізінен ескі мешіттерді жаңарту қолға алынған. Үкімет басындағылар Қашқарда туристердің көзайымына айналған Афак Қожа кесенесі мысалға келтіреді. . 

Ал Хотанда мешіт орнына Hilton қонақүйін салуды жоспарлаған мекеме бұл жер сатып алынған кезде бос болғанын жеткізді. 




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 15:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31