Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Дұғаларыңызға мұқтажбын": Ердос Қанаев жазбасымен көпшілікті уайымдатып қойды

08 маусым 2022, 22:52

Ердос Қанаевтың екіұшты жазбасы көпшілікті толғандырып қойды. Әнші желіде өзі үшін дұға етуді сұрады. Алайда мән-жайды баяндаған жоқ. 

"Дұғаларыңызға мұқтажбын", – деп жазды Ердос парақшасында. 

Көпшілік оның бұлай жазу себебін сұрап жатыр. Олар сүйікті әншісі үшін дұға етіп, жақсы тілегін жаудырды. 

“Алла жар болсын, балам. Аман жүр. Отбасың аман болсын. Алла бала-шағаңның қызығын көруді жазсын. Мұқтаж жандарға жанашыр болып, қолыңнан келгенше көмектесіп жасап жүрсің ғой. Алладан қайтсын. Кейінгі кездері бір түрлі жүдеп кеткендейсің. Уайымдап қалдым. Аман болшы, балам”, “Алла шипасын берсін”, “Алла шипасын берсін! Қандай қиындық болса да шығар жолы бар. Аман-есен болыңыз!”, “Алла жеңілдігін берсін”, “Аллам жар болсын! Аман болыңыз! Ауырмаңыз”, – деп жазды көпшілік. 

“Блогерлер машина берем десе, жанталасып бүкіл шарттарын орындаймыз, ал әлемді жаратушы Алламәңгілік Жәннәтты берем десе, оған мән бермейміз”, – деп жазды әнші бір жазбасында. 

Бұған дейін Ердос Қанаев марқұм ұлын еске алып елді жылатқан еді. Осыдан екі жыл бұрын тұңғышынан айырылып қалған әнші көпшілікке жан сырын ақтарды. Кейіннен тұңғышының артынан жұбату айтып, көңілін көтерген ағайынға алғысын жеткізді. Өзі секілді жаны жаралы ата-аналарға басу айтты.