Ел жаңалықтары

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

  • © baq.kz

    © baq.kz

Қазгидромет синоптиктері жел күшейіп, боран көтерілетін айтты.

"Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтеді. Ауа райы құбылмалы болады, қар жауады. Тек батыста ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел, боран, тұман және көктайғақ болады ", - деп жазылған синоптиктердің 25 қарашаға арналған болжамында.

Дабылды ескерту

25 қараша күні Ақмола облысында боран болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады. Жылдамдығы секундына 15-20 метр. Солтүстік Қазақстанда да – боран. Бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Сондай-ақ, Түркістан облысында да дабылды ескерту жарияланды. 25 қараша күні өңірде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ болады. Түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы -15-20 м/с.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде - боран, тұман, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысында – көктайғақ.

Атырау және Ақтөбе өңірінде тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

25 қараша күні астанада қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы 6-8 градус нөлден төмен.

Алматыда да қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0 шамасында.

Синоптиктер Шымкентте күндіз плюс 1 градус болады деп отыр.

 Sputnik




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.11.2019, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31