Ел жаңалықтары

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі биыл іске қосылады

  • «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі биыл іске қосылады

    «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі биыл іске қосылады

Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін дайындау жұмысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Президент әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына сілтеме жасап.

 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды құрал ретінде айқындалған жобаны Бас прокуратура Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімімен бірге әзірледі» делінген хабарламада.

 

Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:

 

- мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;

 

- мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;

 

- өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;

 

- мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады.

 

Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.

 

Қазіргі уақытта «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің апробациясына дайындық жүргізілуде. Биыл оны барлық мемлекеттік органның жұмысына енгізу жоспарланған.




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 21:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30