Ел жаңалықтары

ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы қалай төленеді

  • ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы қалай төленеді

    ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы қалай төленеді

Парламент сенаты "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

Келісімге ел президенттері 2019 жылы 20 желтоқсанда Санк-Петербург қаласында қол қойды.

"Келісімнің негізгі мақсаты &ndash ЕАЭО елдерінде еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру, еңбекшілердің зейнетақысын тағайындауға және экспорттауға байланысты мәселелерді шешу, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Айтуынща, қазір ЕАЭО елдерінде әртүрлі зейнетақы жүйесі қолданылады. Мәселен, Беларусьте жинақтаушы жүйе жоқ. Қазақстан, Ресей, Арменияның жинақтаушы жүйелері әртүрлі. Зейнетақы жүйелерін қаржыландыру және зейнетақы қаражатын бөлу тәсілдерінде де айырмашылықтар бар.

Бұдан бөлек, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі зейнет жасы, мөлшері, еңбек өтілі, зейнетақы аударымдарының көздері және басқа параметрлер бойынша да ерекшеленеді.

"Қазіргі уақытта тұрақты тұратын азаматтар үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері реттелген. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен "жұмыс" мақсатында келген еңбекшілер үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері реттелмеген күйінде қалып отыр. Келісімнің күшіне енуі еңбекшілердің зейнетақы саласындағы проблемалық мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Атап айтқанда, еңбекшілердің өзі жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтарымен құқықтары тең болады; әрбір мемлекет өз аумағында жұмыс істеген жылдар үшін зейнетақы төлейді; әрбір мүше мемлекет зейнетақы алу құқығын айқындап, оның мөлшерін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес есептейді; зейнетақы экспорты мәселесі реттеледі.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын алу: қазақстандықтар 10%-тік салықты қалай төлейді

Яғни, келісімді ратификациялағаннан кейін, егер аталған елдердің кез келген азаматы ЕАЭО елдерінің бірінде немесе тіпті бірнеше елде бірнеше жыл жұмыс істесе, содан кейін өз Отанына кетсе, онда осы елдердің заңнамасы бойынша зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ол онда жұмыс істеген уақыты үшін олардан зейнетақының өз бөлігін алады. Қазақстан бұл еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз етудің әділ тәсілі деп санайды.

Қазақстан тарапынан келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгіленді.

Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31