Ел жаңалықтары

«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктірілді

  • «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктірілді

    «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктірілді

«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Оның басқарма төрағасы лауазымына Дархан Қыдырәлі тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі мәлімдеді.

 «Өткен ғасырдың басында бір-біріне қанаттаса, бірінен соң бір жарық көрген жүз жылдық жылнамасы бар қос газет – халыққа ақпар жеткізуде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара білді. Десе де, бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған интернет дәуірінде дәстүрлі баспасөзді заман көшіне сай жаңғыртып отыру – уақыт талабы. Сондықтан Үкімет қаулысымен қабылданған бұл өзгеріс отандық медианың даму бағытындағы кезекті маңызды қадам деп санаймын», - деп жазды министр.
Екі газетті біріктіру – оның біреуі өз жұмысын тоқтатады дегенді білдірмейді. «Казахстанкая правда» газеті өзінің қалыптасқан брендтік атауын сақтайды. Басылымды мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында қаржылық қолдау жалғасады. Ең бастысы бұл журналистердің шығармашылығына ешқандай кедергі келтірмейді.

«Қайта бір орталыққа біріккен қос басылымның елді ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамту аясы бірізденіп, оқырман алдындағы тартымдылығы мен сапалы контент ұсыну әлеуеті одан ары артады деп ойлаймын. Біріктіру барысында тек әкімшілік-шаруашылық ресурстар қысқарады. Бірінші кезекте әрине қаржы үнемделеді. Бұл өз кезегінде, шығармашылық ұжымның табысын арттырып, сапалық құрамын күшейтуге тың мүмкіндік болмақ. Ең бастысы, республикалық бас басылымдардың мазмұн-контенті жаңа сапаға көтеріліп, бәсекеге қабілеті күшейе түседі деп санаймын», - деді министр.




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 15:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31