Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Екі оқушы екі сәбиді ажалдан арашалап қалды

20 маусым 2013, 13:48

Аудандық №8 өрт бөліміне Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы бір үйдің өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен болатын. Тілсіз жау лаулаған пәтерде екі кішкене бала болған. Олар жылап көмекке шақырғанымен, қолдан келер қайран болмай көп адам қарап тұрған. Үш және бес жастағы кішкене балаларды ата-анасы үйде қалдырып, есікті сыртынан құлыптап кеткен. Қараусыз қалған балғындар шырпымен ойнап, үлкен алау жақпақ болған. Оның соңы алапат өртке ұласты. Өрт сөндірушілер жедел жеткенше Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Бекзат Әлімжан мен Байзақ Молдатаев бүлдіршіндерді құтқарып қалды.
Байзақтың әкесі бұрын өртсөндіруші болған. Екі баланың пәтерге кіріп, бүлдіршіндерді қалай құтқарып қалу жөнінде сол кісі нұсқау беріп тұрған. Іштен бекі­тілген үйге кіру мүмкін болмағандықтан терезені сын­дыруға тура келген. Түтінге тұншығып жүріп іштегі балаларды іздеген. Алайда көк тұманға оранған үйден оларды іздеп табу оңайға түскен жоқ. Ауыр газға уланып қалған кішкене қыз баланың дауысын естіп сол арқылы тапқан. Ал екінші бала төсек астына жасы­рынған екен. Екеуін де тез арада далаға алып шыққан шақта жедел жәрдем де келіп жеткен еді. Құтқарушы екі баланың өздері де газға уланып қалған болатын. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ес-түстен айырылған екі бүлдіршін Сарыкемер ауы­лындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Бүгінде балалар жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыс­тырылды. Халдері жақсы.
Сәуле МҰНАТАЕВА, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің маманы:
 – Батыр балалар өздерін ерлік істедік деп ойламайды. Қиын жағдайға тап болған адам­дардың өмірін құтқарып қалу әрбір азаматтың борышы деп біледі. Алапаттан аман қалған бала­лардың ата-анасы батыр балаларға әрдайым алғысын жаудырары сөзсіз. Бүгінде аудандық әкімдік батыр ұландарды марапаттауды ойластырып жатыр.