Екі республика халқын жаппай Ресейге эвакуациялау басталды

19 ақпан 2022, 15:17

Өз егемендігін жариялаған Донецк халық республикасының басшысы Денис Пушилин халықты Ресейге эвакуациялау басталғанын жариялады,  деп хабарлайды РИА Новости.

Пушилиннің видео-үндеуі Telegram арнада жарияланды. Ол Ресей билігімен келісім бойынша Ростов облысында олар ДХР және ЛХР тұрғындары үшін орын бөлгенін, шекаралық өткізу пункттерінде тез өтуге жағдай жасалғанын атап өтті.

Пушилиннің айтуынша, көп ұзамай қосалқы күш қондырғысы аймақта шабуылды бастау туралы бұйрық алады.

"Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада әскери қызметкерлерге шабуылға көшуге, Донецк және Луганск халық республикаларының аумағына басып кіру жоспарын жүзеге асыруға бұйрық береді", - деді ол.

Ол Киев билігі қақтығыс аймағындағы әскери қызметшілердің санын үнемі арттырып, сол жерде қару-жарақ жинап жатқанын айтты.

"Соғыс қимылдарын жүргізу тәжірибесі бар Донецк халық республикасының Қарулы күштері үнемі жауынгерлік дайындықта. Олар бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымды толығымен қорғауға қабілетті. Соған қарамастан, қарсылас республиканың елді мекендеріне шабуыл кезінде біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін", - деді Пушилин.

Луганск халық республикасының басшысы Леонид Пасечник те осындай мәлімдеме жасады. Ол Ресейге бейбіт тұрғындардың эвакуациялануы туралы жариялады және ведомстволарға бұл процесті қамтамасыз етуді тапсырды.